К.У. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ҒЗИ базасында ҚазҰАИИ студенттеріне дуальды оқыту ұйымдастырылды


К.У. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ҒЗИ базасында ҚазҰАИИ студенттеріне дуальды оқыту ұйымдастырылды

К.У. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының филиалы, «ҚазҒЗЖжҚ» ЖШС-нің қой шаруашылығы бөлімінде ҚазҰАИИ-нің БТ-21-04К тобының 4-курс студенттеріне «Қолданбалы экобиотехнология» пәні бойынша дуальды оқыту ұйымдастырылды.

Оқу аясында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Нұрлан Ықыласұлы Малмақов «Ауыл шаруашылығы мал шаруашылығында биотехнология және көбею» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында ол репродуктивтік технологиялар саласындағы заманауи тәсілдер мен жетістіктерді таныстырды.

Сонымен қатар, эмбриология зертханасында магистр Айгүл Ибрагимқызы Сембаева «In vitro жағдайда ооциттерді алу және ұрықтандыру» тақырыбы бойынша практикалық сабақ өткізсе, жүн зертханасында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Эльмира Бекбауқызы Асылбекова ұсақ мал жүнінің физика-механикалық қасиеттері туралы тәжірибелік оқыту жүргізді. Бұл оқыту студенттерге теориялық білімдерін толықтырып, практикалық дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік берді.