Жаңару күніне орай Мал шаруашылығы институты көктемгі сенбілік ұйымдастырды


Жаңару күніне орай Мал шаруашылығы институты көктемгі сенбілік ұйымдастырды

Бүгін – әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні. Бұл күні барша азаматтар ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірігіп, табиғатты қорғап, жасыл желектер отырғызу арқылы болашақ ұрпаққа қамқорлық танытады. Бұл дәстүр еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар жаңару мен тұрақтылықтың символына айналған.

Жаңару күні аясында «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының» ұжымы дәстүрлі көктемгі сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара институт аумағын көркейтуге және көктемгі жаңару қарсаңында мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға бағытталды.

Жаңару күні – бірлік пен жасампаздықтың күні. Бұл – өткенге көз жүгіртіп, болашақты жарқын етуге талпынатын, қоғамға пайда әкелуге ұмтылатын сәт. Әрқайсымыз осы күні өзіміздің жеке және ұжымдық мақсаттарымызға бір қадам жақындай түсейік!