Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндір ісі ғылыми-зерттеу институтына 90 жыл

By | 16.03.2023

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Сіздерді институттың құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Қазіргі заманда мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісінің қарқынды дамуын ғылыми-практикалық қамтамасыз ету» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2023 жылғы 14 маусымда “Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов көшесі-51 мекен-жайында өтеді.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Конференция келесі негізгі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Мал шаруашылығы
  • Мал азығы өндірісі
  • Өсімдік шаруашылығы
  • Ветеринария
  • Ауыл шаруашылығы биологиясы

Конференция аясында мал шаруашылығы мен мал азығы өндірісінің қазіргі заманғы аспектілері мен даму үрдістерін зерделеу бойынша еркін пікір алмасу және зерттеу нәтижелері үшін диалог алаңын құру көзделуде. Конференция барысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен секциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Конференция жұмысына министрліктер мен ведомстволардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері, аграрлық өндіріс және бизнес өкілдері,  ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, аспиранттар мен магистранттар,  шақырылады.

Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылар есебінен жүргізіледі.

Мекен-жай мәліметтері: «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050035, Алматы қ., Жандосов көшесі-51.

Жұмыс телефоны.: 8(727) 303-62-91,

Ұялы телефон : +7-701-734-00-50,

E-mail: conference.kazniizhik@gmail.com

 

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары институт сайтында pdf форматында ұсынылатын болады (https://kazniizhik.kz).

Ғылыми мақалалар конференцияны ұйымдастырушылар есебінен  жарияланады.

Мақаланы дайындауға қойылатын талаптар

  1. Мақалада автордың/-лардың зерттеу нәтижелерін көрсететін түпнұсқа материал ғана болуы керек.

Жариялау үшін көлемі 6 беттен аспайтын мақалалар (суреттер мен кестелерді қоса алғанда) 2023 жылғы 01 сәуірге дейін келесі тілдердің бірінде қабылданады: қазақша, орысша, ағылшынша.

Мәтін Microsoft Word редакторында, Times New Roman қаріпінде 12 өлшемде, бір интервалда терілуі керек. Абзацтық шегініс 1,25.

Мәтінді келесідей ашық жолдар өлшемдерін сақтай отырып, басып шығару керек: жоғарғы және төменгі  – 2 см, сол және оң – 2 см.  Түзулігін туралау – ені бойынша (тасымалдау – автоматты түрде).

Парақтың жоғарғы сол жақ бұрышына ӘОЖ қойылады.

Төменірек, парақ ортасына  – бас әріптермен мақаланың атауы көрсетіледі;

Одан төмен курсивпен бір интервалдан кейін – автордың (лардың) аты-жөні толығымен (қысқартуларсыз) жазылады.

Бұдан әрі келесі жолда (қаріп курсив) – ұйымның атауы, жұмыс орны (толық), қала, ел (қысқартуларға жол берілмейді); байланыс үшін бір  e-mail көрсетілуі қажет.

Бір жол төмен аннотация мәтіні орналастырылады. Аннотация көлемі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 300 сөзден аспауы тиіс.

Орыс тіліндегі мақаланың аннотациясы қазақ және ағылшын тілдерінде  берілуі қажет. Егер мақала қазақ тілінде жазылса, аннотация орыс және ағылшын тілдерінде, ал ағылшын тілінде болса, аннотация үш тілде беріледі.

Аннотацияда келесідей негізгі жайлар көрсетілуі керек:

еңбектің өзектілігі, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, зерттеулердің негізгі нәтижелері мен қорытындылары.

  1. Беттер бірыңғай нөмірленуі керек.
  2. Мақала үлгісі 1-қосымшада берілген.

Мақаланың мазмұнына авторлар жауапты.

Авторларға түзетулер мен қабылданбаған мақалалар жіберілмейді. Редакциялық алқа ережелерге сай емес мақалаларды қабылдамайды.