БІЗДІҢ ҒАЛЫМДАР РЕСЕЙЛІК «АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ» ЖУРНАЛЫНЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА МҮШЕЛЕРІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

By | 05.12.2017

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Ғылым Академиясының шетелдік мүшесі, Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры  Әбдірахман Омбаев және ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, сүтті мал өсіру және асылдандыру бөлімінің бас ғылыми қызметкері Дастанбек Баймұқанов ресейлік «Аграрлық ғылым» журналының редакциялық алқа мүшелері болып сайланды.

Ай сайын шығатын ғылыми-теориялық және өндірістік журнал 1992 жылы ТМД елдерінің ауылшаруашылық ғылымын ақпараттық қолдау мақсатында құрылған халықаралық басылым болып саналады. 

«Аграрлық ғылым» журналы топырақ құнарлылығын зерттеуден бастап, зоотехния, ветеринария, құс өсіру, асыл тұқымды мал шаруашылығы,  ауылшаруашылық озық технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу мен жақсарту, т.б.  ауыл шаруашылығындағы ең өзекті мәселелер бойынша ғалымдар мен сарапшылардың ғылыми жетістіктерін қамтиды.

Ғылыми журнал AGRIS халықаралық деректер қорының мерзімді басылымдар тізіміне енгізілген.

ҚазМШЖӨҒЗИ баспасөз қызметі