Category Archives: Мал шаруашылығы

ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМЫ – ҰЛТТЫҚ БРЕНД

21 маусым күні Қазақтың ақбас тұқымының республикалық Палатасы Ақмола облысы Бұланды ауданында Тұқым кеңесінің көшпелі семинарын ұйымдастырды. Бұл семинардың негізгі мақсаты – қазақтың ақбас тұқымының генетикалық әлеуетін арттыру. 

МЕМЛЕКЕТТІК КӨМЕК ТӨРТ ТҮЛІКТІ КӨБЕЙТТІ

Елбасы халыққа арнаған бір сөзінде «Боинг» ұшағын құрастырып америкалықтардан, «Мерседес» шығарып немістерден оза алмайтындығымызды айтты. Қазақстанда әлемдік нарыққа еркін шығатын бір жол бар, ол ауыл шаруашылығы деді.  Расында, ұлан-ғайыр даласы бар  Қазақстанның өзге жұртпен теңесетін жері осы.  Мәселен, Оңтүстік Кореяның сиыр малы өте өтімді. «Мәрмәр» деген атау алған, бір ет, бір май сиыр етін әлемнің… Read More »

МӘЖІЛІСТЕ ІРІ ҚАРА МАЛ ӨСІРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17 сәуір күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасында қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіру саласының нақты жағдайы, даму перспективалары және проблемалары» тақырыбында Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.