Институт басшылығы

ТӨРЕХАНОВ АЙБЫН АДЕПХАНҰЛЫ
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Басқарма төрағасы

ТӨРЕХАНОВ АЙБЫН АДЕПХАНҰЛЫ

1963 жыл 25-шілде , Алматы обл., Панфилов ауд., Көктал ауылы дүниге келген.

Скрябин атындағы мал-дәрігерлік академиясы /1986/ және Жетісу экономикалық институты /1999/ оқыған. Ғылыми дәрежесі: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.

  • Еңбек жолын, Талдықорған облысы Панфилов ауданының «Көктал» совхозында зоотехник, аға зоотехник /1986-1989/;
  • Бүкіл Одақтық мал шаруашылығы ҒЗ институтының аспиранты /1989-1993/;
  • Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми орынбасары /1993-1994/;
  • Талдықорған облыстық агроөнеркәсіптік кешені ғылыми-өндірістік орталығы төрағасының орынбасары, ғылыми орталықтың төрағасы /1994-1997/;
  • Алматы облысы Талдықорған ауданы әкімінің орынбасары /1997/;
  • /1997-1998/”Алмас” ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарды.
  • «Казагропромбанк» филиалы директорының орынбасары /1998-1999/;
  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік реттеу және стратегия департаменті директорының орынбасары /1999-2000/;
  • /2000-2004/ “Асыл” және “Асыл түлiк” ААҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды;
  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты РМК “Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми – өндірістік орталығы” директоры /2004 -2008/;
  • «КазАгроИнновация» АҚ-ының вице-президенті /2008-2009/;
  • ЖШС “Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының” бас директоры /2009-2011/;
  • ЖШС “Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының” бас директоры /2011/;
  • “Парасат” ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі” АҚ-ының технологияларды коммерциаландыру Орталығының директоры /2012/;
  • (2013-2014) “Микробиология және вирусология институты” РМК ғылыми әзірлемелерді енгізу бөлімінің басшысы болды;
  • Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры /2015/;
  • ЖШС «ВитаПрофи» к /2016-2020/ жылдарда кеңесші;
  • «Ұлттық аграрлық ғылым-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары /2020-2021/;
  • «Ұлттық аграрлық ғылым-білім беру орталығы» КеАҚ ғылым және ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры /2021/;
  • ЖШС «Мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының» басқарма төрағасы /2021 жылдың қараша айынан/.

Ғылыми жұмыстары: 500-ден астам ғылыми мақалалар, жоғары оқу орындарына арналған 6 оқулықтың авторы. Сонымен қатар,ғылыми жетістіктері: он тоғыз селекциялық жетістіктер патенті (1984-2013) және алты инновациялық патент (2008-2013).

Жаңадан шығарылған тұқымдар мен сұрыптар: қойдың «Етті меринос» жаңа тұқымының, жоңышқаның «Балауса» сорты мен еркекшөптің “Сабат” сортының авторы.


ҚАРЫМСАҚОВ ТАЛҒАТ НИКОЛАЕВИЧ
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

ҚАРЫМСАҚОВ ТАЛҒАТ НИКОЛАЕВИЧ

1977 жылы туған, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Отандық ірі қара малының индексті бағалауын дамыту» жобасының жетекшісі (2012-2014 жж.).

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы» жұмыс тобының мүшесі (Еуразиялық экономикалық комиссия).

АҚШ, Канада, Ресей, Белоруссия, Германия, Венгрия және басқа да еуропалық елдердің мал асылдандыру ұйымдарымен және асыл тұқымды мал қауымдастықтары мен бірнеше іскерлік қарым-қатынастардың авторы.

2012-2013 жылдар аралығы – «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-інде мүйізді ірі қара малының генетикалық ресурстары бөлімінің басшысы.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы. 10-нан астам ғылыми және әдістемелік оқу құралдары мен мен ұсынысты жарыққа шығарған.


ТӘЖИЕВА АЙГҮЛ ҚАДЫРБАЙҚЫЗЫ
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Бас ғылыми хатшы

ТӘЖИЕВА АЙГҮЛ ҚАДЫРБАЙҚЫЗЫ

1973 жылы туған, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

2008 жылы «06.02.01 – мал өсіру, генетика, селекция және ауыл шаруашылық малдарын көбейту» мамандығы бойынша «Арман кросс үйректері аналық желілерінің тұқымдық және өнімділік қасиеттерін дамытудың селекциялық әдістері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Ол өзінің құс шаруашылығындағы ғылыми жолын алғаш «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нде кіші ғылыми қызметкер ретінде бастады, одан кейін аға ғылыми қызметкер және құс өсіру селекциясы секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғалымның 37 ғылыми еңбегі алыс және жақын шет елдердің ғылыми журналдар мен басылымдарында жарияланды, оның 31-і ғылыми мақала және 6 ұсыныс.

«Асыл тұқымды құс жұмыртқаларын жеке инкубациялау жолы» инновациялық өнертабыс авторларының бірі.