ӨНЕРТАБЫСҚА ПАТЕНТ АЛЫНДЫ

By | 07.04.2018

Қазақстандық  ғалымдар отандық жылқы шаруашылығында тағы бір    селекциялық жетістікке қол жеткізді. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ҒЗИ және К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті бірігіп «Қазақтың жабы жылқыларын селекциялық процеске іріктеу әдісі» өнертабысына Ресей Федерациясының Патентін иеленді.

Өнертабыс биотехнология саласын қамтиды. Мұнда қазақтың жабы жылқысының асыл тұқымдық қасиеттері негізінде шығу тегінен бастап дене өлшемдеріне дейінгі әртүрлі көрсеткіштер бойынша ірікету әдісі сипатталады. 

Қазіргі таңда Павлодар облысының шаруашылықтарында осы әдіспен 400 бас қазақтың жабы жылқысы өсірілуде.

Өнертабыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға тың серпін берері анық, өйткені сұрыптаудың бұл әдісі дәстүрлі базалық әдіске қарағанда асыл тұқымды малдардың 1,4 есе артуына мүмкіндік береді.

Патент иелері: Амин Әкімбеков, Дастанбек Баймұқанов, Қайрат Исхан (Қазақстан), Юсупжан Юлдашбаев (Ресей).

Ғалымдарымызды ғылыми жетістіктерімен құттықтай отырып, ізденістері жемісті бола берсін демекпіз!

“ҚазМШӨҒЗИ” баспасөз қызметі