Өнім сапасын зерттеу

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН СЫНАУ ОРТАЛЫҒЫ

Ауылшаруашылық малы генетикасы бөлімі, мал шаруашылығы өнімдері сапасын анықтау және мал азықтары сапасын зоотехниялық талдау зертханалары негізінде ұйымдастырылған сынақ орталығы, халықаралық стандарттар талаптарына сай, Қазақстан Республикасында қалыптасқан жүйе (ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007) бойынша аккредиттелген.
Сынақ орталығының негізгі мақсаты мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын меншік иелеріне отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әдістемелік және зертханалық көмек көрсету болып табылады.

ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • халықаралық стандарттар талаптары мен сынақ орталығы құрылымдық бөлімдері жұмыстарының негізгі бағыттарына сай, меншік иелігі түрліше нысандарға ауылшаруашылық өнімдері сапасын анықтау бойынша зертханалық қызмет көрсету;
  • мал шаруашылығы өнімдері, мал азығы мен құрамаазық шикізаттары, жер қыртысы, су сынамаларының сапасын анықтау және ауылшаруашылық малының шығу тегін генетикалық идентификациялау мен қадағалауға бағытталған зерттеулерді жүргізу;
  • стандарттау, сапаны бағалау мен қадағалау бойынша отандық және халықаралық ұйымдармен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • тиісті мекемелердің тапсырмалары бойынша және сынақ орталығының аккредиттелу саласына сай, шетелдерге шығарылатын және олардан әкелінетін өнімдердің сапасын бағалау.

Орталық меңгерушісі – Темірхан Кенжебаев,
ж.т: 303-65-64, ұ.т.: 8(747) 978-99-57.


СҮТ САПАСЫН ТАЛДАУ ЗЕРТХАНАСЫ

2012 жылы құрылған зертхана FOSS және басқа да әлемдік танымал фирмалардың келесідей заманауи құрал-жабдықтарымен қамтылған: милкоскан (MilkoScan) – сүттің химиялық құрамын талдау; фоссоматик (Fossomatic) – соматикалық жасушаларды анықтау; бактоскан (BactoScan) – сүттің бактериологиялық тазалығын анықтау; кельтек (Kjeltec) және сокстек (Soxtec) – мал шаруашылығы өнімдеріндегі ақуыз бен майды анықтау, сондай-ақ биохимиялық, гематологиялық, иммуноферменттік және вольтамперметриялық анализаторлар.

 


МАЛ АЗЫҒЫН ЗООТЕХНИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЗЕРТХАНАСЫ

 Зертхана мақсаты – Қазақстан аймақтары бойынша мал азықтарының химиялық құрамы мен құнарлылығын зерттеу. Зертхана мал азықтары мен оларды дайындауға пайдаланылатын шикізаттардың химиялық құрамын толық талдауға мүмкіндік беретін Жапон және Данияның танымал фирмаларының құрал-жабдықтарымен қамтылған. Мал азықтары келесідей көрсеткіштер бойынша талдаудан өткізіледі:  алғашқы-, гигро- және жалпыылғалдылық, құрғақ зат, шикі протеин, шикі май, шикі клетчатка, азотсыз экстрактивті заттар, крахмал, қант, күкірт, Са, Р, Мg, каротин, азықтық бірлік, жалпы қуат, алмасу қуаты, қуаттылық азықтық бірлігі, сіңірілетін протеин,  микробтық протеин, мал азығының кластылығы т.б. Зертханада 6 адам, оның ішінде ауылшаруашылық ғылымдарының 1 докторы және 1 кандидаты қызмет етеді.

ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • рационды оңтайландыру және қадағалау мақсатында мал азығы мен шикізаттардың құрамын талдау;
  • жоғары өнімді сиырларға шетелдік бірегей факторлық нормалар бойынша азықтандыру рациондарын құру;
  • сіңірілетін протеин көрсеткіштері белгілі дәнқоспаларын игеру және өндіріске ұсыну;
  • дәл және барынша жедел қызмет көрсету;
  • әр тапсырыс берушіге ыңғайлы қызмет көрсету, кеңестер беру;
  • оралымды баға саясаты.

Зертхана қызметкерлерінің біліктілігі сапаны бағалаудың халықаралық жүйесі талаптарына сай келеді.

Барлық сынақтар сертификатталған әдістемеліктер бойынша, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы немесе кандидатының жетекшілігімен заманауи қондырғыларда жүргізіледі. Аккредиттелген сынақ орталығының зерттеулер негізінде берілген сынақ хаттамаларын өнімді сертификаттау бағытындағы жұмыстарда пайдалануға болады.

Зертхана меңгерушісі – Нұржайық Есжанов
ж.т.: 243-01-04 ұ.т.: 8(707)777-70-81