Жетістіктер

ИНСТИТУТТЫҢ ӨНЕРТАБЫСТЫҚ ІЗДЕНІСТЕРІ

 

 

 

 

 

Институт – 56 патенттің иегері, оның ішінде селекциялық жетістіктер бойынша – 41, инновациалық патенттер саны  –  15. Институт ғалымдарының жетекшілігімен етті бағыттағы  ірі-қара шаруашылығында – 2 тұқым, 1 аймақтық сүле, сүтті ірі-қара шаруашылығында – 2 тұқым, 3 зауыттық сүле,  жылқы шаруашылығында – 2 тұқым, 2 тұқымдық және 2 зауыттық сүле, қой шаруашылығында – 3 тұқым, ешкі шаруашылығында – 1 тұқым, құс шаруашылығында – 4 кросс шығарылып, авторлық куәліктер алынған;  мал азығы өндірісі бойынша селекция жетістігі ретінде 16 малазықтық  дақыл сорттары мемлекеттік тіркеуге алынып, пайдалануға берілді.

Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты 2014 жылы Астана қаласында өткен «ШАПАҒАТ-2014» Республикалық байқауында өнертапқыш саласындағы жетістігі үшін «Жылдың ең үздік өнертабысы» номинациясын жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 147 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, профессор Әбдірахман Молданазарұлы Омбаевқа берілді. Ол Қазақстанның 45 және Ресейдің 2 патентінің иегері. Ордабасы тұқымдас қой етінің өнімділігі, ақ түсті қаракөл қойының отырар тұқымдас түрі және түрлі түсті каракөл қойларының 7 зауыттық түрлерінің авторы.