Жем-шөп өндірісі бойынша

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛЫН АЗЫҚТАНДЫРУ БӨЛІМІ

Бөлім 1933 жылы ұйымдастырылды. Ірі қара мен шошқаны азықтандыру және азық дайындау саласы бойынша жетекші ғылыми бөлім болып табылады.

НЕГІЗГІ ИГЕРІЛІМДЕР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР:
микробиологиялық препараттар мен ашытқылар, химиялық консерванттар, жергілікті белсенді минералды қосылыстарды (бентонит, шунгит) пайдаланып, жоғары сапалы сүрлем мен пішендеме дайындаудың өміршең технологиялары игерілді;
ересек ірі қара мал мен төлдерге арналған құрамаазық рецептілері, жас-жыныс топтары әртүрлі сиырларға арналған құрамаазықтарға биологиялық белсенді заттар мен премикстерді қосу мөлшерлері игерілді;
етті және сүтті өнімділік бағыттағы ірі қара малды азықтандырудың нақтыланған мөлшерлері мен рациондары игерілді;
ірі қара мал төлдерін өсіру мен бордақылауға арналған жемдік азықтарды дайындаудың әдістері игерілді.

ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
сүтті және етті ірі қара шаруашылығының түрлі жас-жыныс топтарына арналған ғылыми негізделген азықтандыру рациондарының түрлері мен құрылымдарын жетілдіру;
мал өнімділігінің тектік әлеуетін барынша толық қамтамасыз ету үшін нақтыланған көрсеткіштерді есепке алу және қадағалау негізінде жергілікті азықтық заттардың құнарлылығын анықтау.

Бөлім меңгерушісі – Мұрат Қалмағамбетов,
ж.т.: 303-65-45 ұ.т.: 8(707) 833-18-01.


ЖАЙЫЛЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ

Бөлім 1961 жылы Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Мыңбаев ауылы) жайылым шаруашылығын жақсарту мақсатында құрылды. Бөлім 1969 жылы ұйымдастырылған Қазақ шалғындық және жайылым шаруашылығы ҒЗИ құрамына ауыстырылды. 2002 жылдан бері Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ҒЗИ құрамындағы Республикадағы мал азығы өндірісі мен жайылым шаруашылығын ғылыммен қамту мәселелері бойынша жетекші құрылым болып табылады. Бөлімде ауылшаруашылық ғылымдарының 2 докторы мен 4 кандидаты еңбек етеді.

ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
жайылымдарды ұтымды пайдалану жүйесін игеру;
алыс жайылымдарды сиыр етін өндіру мақсатында пайдаланудың, ал ауыл төңірегіндегі жайылымдардың экологиялық жағдайын жақсартудың негізгі бағыттарын игеру;
тозған жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіруге, сондай-ақ өнімділікті ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін маусым ішінде жайылым алмастыруларды игеру;
тозған жайылымдарды түбегейлі жақсарту әдістерін жетілдіру.

НЕГІЗГІ ИГЕРІЛІМДЕР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР:
Қазақстанның оңтүстік-шығысында аз таралған малазықтық дақылдарды өсіру технологиясы игерілді;
күріш егу нәтижесінде сорға айналған жерлерді малазықтық дақылдар өндіруге пайдалану технологиясы игерілді;
мал шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттырып, жайылымдардың мал азығы сыйымдылығын жоғарылататын тиімді жүйе игерілді;
суландырылған жайылымдардың пайдаланылу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технология игерілді;
мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын төмендетпей, пайдаланылған суларды мал азығын өндіруге қолдану мүмкіндігі зерттелді.

Бөлім меңгерушісі – Қаныш Күшенов
ж.т: 303-65-43 ұ.т.: 8(701) 840-96-11


МАЛАЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР ҰРЫҒЫН ӨНДІРУ ЖӘНЕ СҰРЫПТАУ БӨЛІМІ

Малазықтық дақылдар ұрығын өндіру бойынша ғылыми-өндірістік жұмыстар 1973 жылы Қазақ шалғындық-жайылым шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының селекциялық орталығы негізінде ұйымдастырылды. 2002 жылы Қазақ мал шаруашылығы және малазығы өндірісі ҒЗИ-да аталған орталық негізінде малазықтық дақылдар ұрығын өндіру бөлімі ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда бөлімде 8 ғылыми қызметкер, оның ішінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының 1 докторы және 3 кандидаты еңбек етеді.

ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
малазықтық дақылдар элита ұрықтарының тұқымдық қасиеттерін арттыруға бағытталған агротехнологиялық әдістер кешенін игеру;
сорттық және ұрықтық қадағалауды жүзеге асыру;
Қазақстанның оңтүстік аймақтарының ұрық өндіруші шаруашылықтарын малазықтық дақылдар ұрықтарымен қамтамасыз ету;
малазықтық дақылдарды өсіру технологиясы ерекшеліктері және мал азықтық дақылдар жаңа сорттарымен таныстыру мақсатында сынақ жүргізуші агрономдардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Бөлім меңгерушісі – Әбуталіп Құламетов
ж.т.: 303-65-44 ұ.т.: 8(701)362-90-83


МАЛАЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР АГРОТЕХНОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІ

Бөлім 2014 құрылды. Оның атқаратын негізгі жұмыстары:
малазықтық өсімдіктерді өсіру технологиясын жетілдірудің негізгі бағыттарына сәйкес, «жасыл» ауыл шаруашылығы қағидаларына сай және мал азығы өндірісін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік беретін малазықтық дақылдар өндірудің заманауи технологиясын игеру;
пайдаланылмайтын жерлерде экологиялық қауіпсіз технологиялар мен мал азықтық дақылдарды алмастыра егу әдістерін пайдалану жолымен элита ұрықтардың шығымдылық, өнімділік сапаларын арттыруға мүмкіндік беретін сорттық агротехникалық әдістер кешенін игеру;
Қазақстанның оңтүстік-шығысы шөлейтті-далалы аймағында жаз-күз маусымында малды азықпен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін шөлге төзімді мал азықтық дақылдарды іріктеп алу.

Бөлім меңгерушісі – Шакір Асанов,
ж.т: 303-65-68 ұ.т.: 8(701) 730-29-10.


МАЛАЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР ТЕКТІКҚОРЫ ЖӘНЕ СЕЛЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ

Малазықтық дақылдар тектікқоры және селекциясы бөлімі Қазақ шалғындық-жайылым шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мал азықтық дақылдар селекциялық орталығы құрамында 1973 жылы ұйымдастырылды. Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ҒЗИ құрамында малазықтық дақылдар генетикалық қорларын қалпына келтіру және зерттеу мақсатында бөлім 2013 жылы қайта құрылды. Бөлім ғалымдарының ізденістері нәтижесінде 4 авторлық куәлік, 2 патент және мал азықтық дақылдардың түрлі сорттарына 21 авторлық куәлік алынды.

ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
шетелдік ұйымдармен ұрықтар алмасу және жабайы малазықтық өсімдіктер үлгілерін жинау арқылы тектікқорды жаңа материалдармен толықтыру;
жинақталған материалдарды in situ және ex situ сақтау арқылы ұзақ сақталған үлгілерді қайта өсіру;
жоғары өнімді жаңа сорттарды шығару мақсатында бағалы материалдарды алу үшін үлгілерді кешенді бағалау;
материалдар алмасу мүмкіндігін арттыру үшін үлгілерді құжаттау және мәліметтердің ақпараттар банкін құру;
азықтық масса өнімділігі мен ұрық шығымдылығы жоғары мал азықтық дақылдар сорттарын шығару;
тәлімі жерлерде малазықтық сапасы жоғары жоңышқа мен еркекшөптің сорттарын шығару.

НЕГІЗГІ ИГЕРІЛІМДЕР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР:
Ғылыми-тәжірибелік құндылығы зор, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлерді сақтауға, өсімдіктердің әлемдік әлеуетін пайдалануға мүмкіндік беретін, 1997-2015 жылдар кезеңін қамтитын, әрқилы түрлер, сорттар мен экотиптерге жататын малазықтық дақылдардың 5000 үлгіден асатын бірегей тектікқоры құрылды.
Экспериментті полиплоидия, поликросс, аналықұялы-топты іріктеу, түраралық және түрішілік гибридизациялау әдістерін пайдалану нәтижесінде көпжылдық малазықтық дақылдардың 32 жоғары өнімді сорттары шығарылды.

Бөлім меңгерушісі – Айман Сарсембаева,
ж.т. 303-65-44, 8(701) 734-00-50.