Құқықтық ұйымдастыру

ҰЙЫМДЫҚ, КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТУ БӨЛІМІ

Бөлімде тиісті жоғары білімдері бар, білікті мамандар мен менеджерлер жұмыс істейді. Ұйымдық, кадрлық және құқықтық қамту бөлімі келесідей функцияларды орындайтын құрылымдық бөлім болып табылады:

  • мекемені мамандармен қамту жұмыстарын үйлестіру;
  • мекеме қызметкерлерін аттестациялау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • кадрлық жұмыстарды ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету;
  • құжат айналымдарды, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • істер тізімін әзірлеу, құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексеру және оларды ведомстволық мұрағатқа жіберу, мұрағат жұмыстарының жүргізілуін қадағалауда ҚР нормативті құқықтық актілері, Меммұрағат мекемесінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстарын басшылыққа алу;
  • мекеме жұмысына заңды қызмет көрсету және оның құқықтық мүдделерін қорғау;
  • мекемедегі құқықтық жұмыстарға әдістемелік жетекшілік ету;
  • әділет саласы және кадрлық сұрақтарға байланысты кеңестер беру, мүліктік-құқықтық актілерді және құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету;
  • келісім-шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін бекітуге бағытталған іс-шараларды игеруге қатысу.

Бөлім меңгерушісі – Перуза Ноғайбаева,
тел.: 303-64-45, 8(777) 033-68-14.