Ғылым – дамудың басты кілті

By | 04.07.2023

Күні кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаевтың қатысуымен ҚР ҰҒА «Агробиоресурстар және экология» ғылым бөлімінің жас ғалымдары бас қосты. Мұнда жоғары оқу орындарының ең креативті жас ғалымдары, жаңа ойлауы мен заманауи құзыреттілігі, өзіндік жетістіктері бар ҒЗИ жетекші мамандары жиналды. Бұл жиынға Қазақ малшаруашылығы ғылыми зерттеу институтының жас ғалымдары да қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Жиын барысында жас ғалымдардың көкейкесті сауалдары тыңдалып, жақын арада Республика бойынша жас ғалымдардың өтініштері мен ұсыныстарын саралап, форум өткізу жоспарланды.