Қызметтер

БІЗДІҢ ИНСТИТУТ МЫНАДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ:

  • мал мен құстың жаңа тұқымдарын, сүлелері мен желілерін, малазықтық дақылдардың сорттарын шығару, қолда бар тектік қорларды жетілдіру;
  • бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін малды азықтандыру, бағу жағдайларын жақсарту, бейімделушілік қасиеттерін арттыру арқылы мал, құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің үнемді, инновациялық технологияларын игеру;
  • селекциялық-асылдандыру жұмыстарының жоспарларын жасау және мал, құс шаруашылығы мен мал азығы өндірісі технологиялары бойынша кеңестер беру;
  • аккредиттелген сынақ орталығында мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын зерттеу, ауылшаруашылық малының шығу тегін идентификациялау мен қадағалау, сондай-ақ түрлі малазықтық дақылдардың сапасын анықтау.

Ауылшаруашылық малының генетикасы бөлімі мал иелеріне келесі қызметтерді ұсынады:

– жануарлардың шығу тегіне бақылау жасау;

– жануарлардың шығу тегін анықтау;

– даулы жағдайларда мал тұқымына сараптама жүргізу;

– генетикалық ауытқуларды анықтау;

– мал тұқымы мен түрлерін гетерезиготтық бағалау.

Генетикалық талдаулар жүргізу (биологиялық материалды іріктеуден бастап нәтижелерін түсіндіруге дейін) уақыты шамамен 14 күнді құрайды.  Биологиялық үлгілер санына байланысты бір нұсқаны талдау құны 10 000 (он мың) теңгені құрайды.

Жем-шөп өнімдерін зоотехникалық талдау зертханасы:

– 16 көрсеткіш бойынша жем-шөптің химиялық құрамын анықтау;

– жем-шөп бірліктерінде жем-шөп қоректілігін және энергия алмасу мен энергетикалық бірлігін есептеу.

Зерттеу мерзімі шамамен – 10 күн. Бір үлгіні талдау құны – 10 000 теңге.

Сүтті ірі қара мал өнімдерін өндіру және жас төлдерді өсіру технологиясы бөлімі:

– әрбір сиырдан алынатын және жеткізілетін сүттің химиялық құрамын зерттеу және сүт сапасын бағалау, бір сынама құны – 400 тг.  Сүт үлгісінің жеткізілу қашықтығына және өзіндік жеткізілуіне қарай баға өзгеріп, шартта көрсетілуі мүмкін;

– сүтті ірі қара малының 6 айлыққа дейінгі жаңадан туылған бұзауларын өсіру технологиясы бойынша;

– сауын табындарының технологиялық тобын қалыптастыру бойынша;

– тұмса сиырларды желілік бағалау және сүтті мал шаруашылығында селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу.