АКАДЕМИК ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

By | 29.01.2018

29 қаңтар күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің магитранттар мен доктаранттары Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтында болып, ғылым ордасының тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. 

Институт директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Әбдірахман Омбаев «Халықаралық қысқы мектеп-2018» бағдарламасы бойынша жас ғалымдарға «Қазақстанның  аридтік аймағында ауылшаруашылық малын өсіру ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бйылғы Жолдауының негізгі бағыттарын жастарға түсіндіруден бастаған профессор Институт ғалымдарының ғылыми жетістіктері мен атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, өзінің ғылыми тәжірибесімен бөлісті.

Қазақ аграрлық университетінде Қазақстаннан бөлек, Ресей, Украина, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. мемлекеттерінен келіп ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан болашақ ауыл шаруашылығы саласының мамандары профессордың дәрісін қызыға тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарына сан-салалы жауап алды.

Қырғызстанның Ош қаласынан келген 1-курс магистрі Еламан Бақтыбек «Біздің елде жоқ техникаларды осында көріп, мал шаруашылығында көптеген жұмыстардың жасалғанын байқадым, енді осыдан кейін сіздермен тәжірибе алмасамыз» деген ойын жеткізді.

Дәріс соңында Институт басшысы Ә.Омбаев жастарға алғысын білдіріп, ақ жол тіледі.

ҚазМШЖӨҒЗИ баспасөз бөлімі