ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯДАҒЫ АВТОРЛЫҚ КУӘЛІК

By | 27.06.2018

Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институты ғалымдары «Қазақстан жайылым қорларын ГИС-картаға түсіру» ғылыми туындысы бойынша авторлық куәлік алды. Бірлескен авторлары: И.И.Алимаев, Т.Н.Карымсаков, Ә.М.Омбаев, Қ.Ш.Смаилов, К.И.Күшенов, И.Б.Скоринцева, Т.А.Басова, В.С.Крылова. 

2015-2017 жылдары   «Заманауи ГАЖ технологияларын пайдалана отырып жайылым ресурстарын тұрақты басқару» жобасы  бойынша  институт ғалымдарымен  алғаш рет Қазақстан аумағында заманауи ГАЖ технологиялары негізінде сандық картографиялық үлгілер әзірленген болатын.

Қазақстанның аумағында мал шаруашылығын дамыту мүмкіншіліктеріне арналған 1:1 500 000 масштабында толық түсіндірмесі бар жер қоры,  жер қорындағы жайылым алқаптарының орналасқан орны, олардың аумағы, жайылымдар түрлері, жайылымдардың маусымдық және орташа жылдық өнімділігі, азық қоры, суландыру, елді-мекендерге шалғайлығы, жол торабы және т.б. ақпараттарды қамтиды. Сондай-ақ мал түрлері бойынша жануарлардың тұқымдарын, олардың сапалық сипатамасын, әкімшілік аудандар бойынша отар құрылымын, тұқымдық мал басын және басқа да белгілерді көрсететін ауыл шаруашылық малдарының тұқымдық аудандастырылуы картада көрсетілген.

Алғаш рет Қазақстан аумағына жайылым ресурстардың деректер базасы құрастырылып, Қазақстанның ЖҚЗ деректері бойынша жайылым ресурстарын ғырыштық бақылау және жайылым ресурстарын жер үсті бақылау әдісі мен бағдарламасы құрылды. Осы әдісті ендіру табиғи азық ресурстарының жағдайын, олардың өзгерісін жедел ескеруге, іс-шараны, оларды жақсарту бойынша тиімді пайадаланудың объективті және тез  жолдарын тандауда мүмкіндік береді. Ақпараттың қашықтықтан алынған амалы жайылымдарды тақырыптық картографиялауға, сондай-ақ алқаптарды трансформациялау, оларды пайдалануды оңтайландыру мақсаты үшін сұрақтарын шешуде негіз болды.

Жоба карталарын бейнелеуге арналған «Қазақстанның жайылым ресурстарының интерактивті  карталары» WEB-қосымшасына талаптар құрастырылды: «Отарлы мал шаруашылығын дамыту мақсатында Қазақстан жайылымдарын тиімді пайдалану және жақсарту технологияларын құру». Бұл кеңістіктік және атрибутивті деректермен жұмыс істеуде ыңғайлы, интуитивті түсінікті қосымша, ол карталарды интерактивті ұсынуға және стандартты веб-браузерді пайдалану арқылы тақырыптық географиялық мәліметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ғаламторда WEB-қосымшасының мекенжайы – http://pastures.info.gf/

Алынған нәтижелер Қазақстанның ауыл шаруашлық құрылымдарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отардағы мал шаруашылығын дамытуға арналған жайылым шабындықтарын оңтайлы пайдалануда едәуір үлесін тигізеді.

«ҚазМШЖӨҒЗИ» баспасөз қызметі.